Көкшетау, Қарағанды, Шымкент қалаларында нан бағасы 400 теңгеден асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Көкшетау, Қарағанды, Шымкент қалаларында нан бағасы 400 теңгеден асады

Көкшетау, Қарағанды, Шымкент қалаларында нан бағасы 400 теңгеден асады

Нанның қымбаттауына электр энергиясы мен коммуналдық қызмет құнының өсуі себеп. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деп мәлімдеді. Ол қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін іс атқарылатынын айтты. Сонымен бірге бағаның күрт көтерілуіне негіз жоқ деп отыр. Тұрақтандыру қорына биыл млн тонна астық жинау жоспарланған. Оның 900 мың тоннасы бидай болады. Статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда 275 теңгеге сатылған жоғары сортты бидай ұнынан пісірілген нан өткен айда 341 теңгеге дейін қымбаттаған. Әсіресе Көкшетеу, Қарағанды мен Шымкентте құны 400 теңгеден асады. 

Ақерке Бектас

Бөлісу