Басты Жаңалықтар Торғай өңірінде 35 инвестжоба жүзеге асырылмақ

Торғай өңірінде 35 инвестжоба жүзеге асырылмақ

Қостанай облысындағы Арқалық қаласы мен Аманкелді, Жангелдин аудандарында 35 инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мақсат - Торғай өңірінің экономикалық әлеуетін көтеру. Бұл туралы Арқалықта өткен инвесторлар форумында айтылды. Бес жылға есептелген жоба құны 465 миллиард теңге. Ең ауқымдысы - құрамында алтыны бар полиметалл кендерін өңдейтін үш фабрика және кен байыту комбинатын салу. Туризм нысандары, ауылшарушылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорын ашу жоспарда бар. 4 жарым мыңдай адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өңдеу саласы бойынша Арқалық тері зауыты жұмысты бастап та кеткен. Айына 120 тонна сиыр терісін былғарыға айналдырады.

Ержан Салықов, Тері өңдеу зауытының директоры:

Сиыр терісінен жасалған былғарының 80 проценті экспортқа кетеді.Өзбекстан, Ресей,содан кейін Украина, қазір көпшілігі Прибалтикаға және Литваға жөнелтіліп жатыр. Осы былғарыдан өзіміз жол сөмкесі мен ер тоқым шығарамыз.

Дәуренбек Әбдібек


Бөлісу