Рудный, Кентау, Балқаш қалаларында тегін ІТ-мектептер ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудный, Кентау, Балқаш қалаларында тегін ІТ-мектептер ашылады

29.09.2022

Рудный, Кентау және Балқаш қаласында ІТ-саласында тегін білім беретін мектеп ашылады. Бұл туралы Елордада Президенттің қатысуымен өткен «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында айтылды. Бұған дейін мұндай білім орталығы Астанада ашылған. Азиядағы өзара оқыту принциптеріне негізделген алғашқы «бағдарламалау» мектебінде қазір 300-ге жуық бала оқып жүр. Толығырақ Ақмаржан Ғафизқызының материалында...



Бота Ақылбек Астанадағы ІТ-университетінің 3-курс студенті. Бұл жерге қосымша білім алу үшін келеді. Мақсаты - технология тетіктерін терең меңгеріп, осы саланың мықты маманы болу.

Бота Ақылбек, студент:

Осы мектепке өзімнің білімімді тереңдету үшін және басқа перспективаларды көру үшін келдім. Оқу методикасы. Бұл мен үшін маңызды. шынысенде бұл жерде оқуға деген талпынысын ашылады. Бір-бірімен сөйлесу арқылы коммуникация болады.

Бұл мектепте оқушылар мұғалімсіз-ақ арнайы орнатылған жүйенің көмегімен оқиды. Яғни, ІТ ақпараттар енгізілген әдістеме арқылы кез-келген уақытта келіп еркін форматта өз білімдерін жетілдіре алады. Мұндай жүйемен қазір әлемнің 10 елінде миллионға жуық студент білім алуда.

Николя Садирак, ІТ саласындағы білім беру платформасының негізін қалаушы /Франция/

Бұл онлайн мектеп емес.Оқу бағдарламасы өзгеше. «Ұстазбен байланысып оқу» деген қағида біздің мектепте жоқ. Білім беру процесі шәкірттердің креативті ойлау қабілетіне негізделген. Яғни, оқушылардың білім алуына ғана емес, оны қолдану жағына баса мән беріледі. Нәтижесінде бұл инновацияларға алып келеді. Қазақстанда бұл алғашқы мектеп.

Еліміздің 3 моноқаласында ашылатын ІТ-мектеп дәл осы жүйе арқылы тегін білім береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 100 мың IT саласының мамандарын әзірлеу керек екенін айтқан болатын. Осы мектептер сапалы IT мамандарын дайындауға бірден-бір мүмкіндік.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу