Қазақстанда Назарбаев университеті үлгісінде 2 ЖОО ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Назарбаев университеті үлгісінде 2 ЖОО ашылады

12.02.2021
Қазақстанда Назарбаев университеті үлгісінде 2 ЖОО ашылады

Петропавл және Шымкент қалаларында Назарбаев университеті үлгісінде 2 ЖОО ашылады. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді,

«2022 жылы Назарбаев университетіні тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында 2 озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады», - деді ол Мәжілістегі «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыру бойынша Жол картасын талқылау кезінде.

Сондай-ақ 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі. Жыл сайын 10 мың орын беріледі.

Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жеткізіледі.  

Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып 2 есе өседі, ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі.


Хабарламаларға жазылу