Петропавлда жұмыссыз азаматтар үшін ІТ орталықтары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жұмыссыз азаматтар үшін ІТ орталықтары ашылады

28.05.2018

Бастаманы іске асыру үшін  «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және «Есіл» дамыту аймақтық орталығы үшжақты меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес М.Қозыбаев атындағы жоғары оқу орынында, және құрылысы жүріп жатқан Оқушылар сарайында жастарды оқыту орталықтары жұмысын бастайды. Ал жыл соңына дейін дәл осындай ІТ орталықтары 13 ауданда ашылады.

Артур Молдағұлов, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:

- Өңірде цифрландыру бойынша үш жоба іске асырылады. Ол, «Сандық партия», екінші «Балалар үшін тегін ІТ сыныптар». Жоба бойынша біз үш жылда 3600 баланы оқытып шығамыз. Ал, үшінші жоба - «Білікті мамандарды даярлау үшін ІТ орталықтарын ашу». Бұл халықтың сандық білімін жетілдіру мен қажетті мамандардың орнын толтыру мақсатында іске асырылып отыр.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу