Димаш Құдайберген жанкүйерлермен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген жанкүйерлермен жүздесті

26.09.2022

Алматыда алғашқы ән кешін аншлагпен жоғары деңгейде өткізген Димаш Құдайберген жанкүйерлермен жүздесті. Фан-кездесуде әншінің "Бір аспанның тағдыры" бейнебаяны таныстырылды. 12 минуттық туынды адамзаттың бірлігі мен татулығына арналады. Бейнебаянның басты идеясы: біз нәсілге, ұлтқа және дінге бөлінеміз, бірақ бәріміз бір аспан астында өмір сүреміз. Ал өмір – ең үлкен құндылық. Кездесуге әншінің қазақстандық және шетелдік тыңдармандарымен қатар, ата-әжесі мен ата-анасы, бауырлары қатысты. Бірнеше сағатқа созылған кеште Димаш көрермендердің сұрағына жауап беріп, қолтаңбасын берді. Естелікке фотосуретке түсті. Жастарды жан-жақты, білімді болуға, ғылымға ден қоюға шақырған әнші мемлекеттің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға зор алғысын білдірді. 

Хабарламаларға жазылу