Димаш Құдайберген Америкаға уақытша қоныс аударады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген Америкаға уақытша қоныс аударады

10.02.2021

Димаш Құдайберген АҚШ-қа уақытша қоныс аударады. Әйгілі әнші шығармашылығын одан әрі дамыта түсу мақсатында осындай қадамға бел буған. Миллиондардың жүрегуіне жол тапқан Димаш мұны MTV USA бағдарламасына ағылшын тілінде берген сұхбатында айтты. Әншінің сөзінше жанкүйерлерімен қарым-қатынасы, ата-анасының қуанышы оны ерекше шабыттандырады. Сондай-ақ Димаш шығармашылығын өркендету үшін біршама уақыт Қытайда тұрғанын айтып, аспан асты елінің оны қалай қарсы алғаны туралы да әңгімеледі.

Димаш Құдайберген, әнші:
-Мен өмірімнің көп бөлігін Қазақстанда өткізгенімді бақыт санаймын. Мен Қытайда өнер көрсетуді армандадым. 3 жыл сол жақта болдым. Енді Америкада шоу-бизнес орталығында жұмыс істегім келеді.


Хабарламаларға жазылу