Димаш Құдайберген «Алматы Аренада» жанкүйерлермен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген «Алматы Аренада» жанкүйерлермен кездеседі

24.09.2022

Алматыдағы алғашқы ән кешін аншлагпен өткізген Димаш Құдайберген бүгін жанкүйерлермен жүздеседі. Бұл фан-кездесуді әлемнің 70-ке жуық елінен келген шетелдік меймандар тағатсыздана күтіп жүр. Себебі олар әншімен жеке тілдесіп, естелікке фотосуретке түседі. «Алматы Аренада» өтетін шара туралы  Жазира Оразқызы баяндайды.

Жазира Оразқызы, тілші:
Жарты сағаттан соң басталатаын фан-кездесуге келгендердің қарасы қалың. Кездесуде «Бір аспан тағдыры» бейнебаянының тұсаукесері болады деп күтілуде. 12 минуттық туынды адамзаттың бірлігі мен татулығына арналады.

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген кеше Орталық стадионда Алматыдағы алғашқы концертін берді. Ғаламат шоуды қазақстандықтармен қатар жер жаһаннан жиналған шетелдік жанкүйерлерді қосқанда, 35 мың адам тамашалады. Ән кешін ұйымдастыруға 200-ден астам адам, 400-ден аса ерікті жұмылдырылды. 5 сағаттан аса өткен концертте жанкүйердер қазақтың талантты ұлына барынша қолдау көрсетті. Концертті ұйымдастырушылар дайындаған тосынсыйдың қатарында безендіруді де атап өтпеуге болмас. Үлкен сахна, 7 қабат үйдің биіктігімен бірдей лэд экрандар, заманауи бейнероликтер, ерекше форматтағы қойылымдар - бәрі-бәрі көрермен үшін Димаштың дайындаған ерекше сыйы болды. Димаш 31 композиция орындады. Оның ішінде көптің жүрегін жаулаған, сүйіп тыңайтын әндер, жаңа туындылар болды. 

Хабарламаларға жазылу