Головкин мен «Канело» баспасөз мәслихатын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин мен «Канело» баспасөз мәслихатын өткізді

16.09.2022

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес үшінші жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді. «Өзімді жақсы сезінемін, мен бабымдамын, мен дайынмын. Жеңіске жететініме, өз-өзіме, өз командама, маған қолдау білдіріп отырған адамдарға сенімдімін. Кімнің мықты екенін ринг көрсетеді», - деді Головкин. Тілшілерге сұхбат бергеннен кейін боксшылар дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді. Головкин-Альварес жекпе-жегін қазақстандықтар 18 қыркүйек күні «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде, ал сайттарынан онлайн көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, таңғы сағат 06:00.

Хабарламаларға жазылу