Генадий Головкин мен Риота Мурата Жапонияда кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Генадий Головкин мен Риота Мурата Жапонияда кездесті

07.04.2022

Генадий Головкин мен Риота Мурата Жапонияда кездесті. Олар жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақстандық боксшы қарсыласын құрметтейтінін айтып, керемет бәсеке өтетініне сендірді. Және кешті ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Мурата да Головкинмен жұдырықтасу мүмкіндігіне атсалысқандарға рахметін жеткізді. Жекпе-жек 9 сәуірде өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем титулдары мен WBA Super белбеуін сарапқа салады. Кездесуді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, qazaqstantv және qazsporttv сайты мен мобильді қосымша арқылы көруге болады.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу