Елордада алғаш рет ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада алғаш рет ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті

10.09.2022

Елордада балалардың оқуға деген ынтасын арттыру үшін алғаш рет ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті.

Шараға 4 мыңдай адам қатысты. Отандық және шетелдік мамандар білім берудегі озық технологиялар мен креативті ойларын ортаға салды. Ойын түрінде өткен сабақтар ата-аналар мен балаларға шабыт берді. Мамандар мұндай шаралар жеткіншектердің заманауи технологияларды жақсы меңгеруіне мүмкіндік беретінін айтады. Соның бірі –  робототехника шеберлері көпшілікке тың жобаларын таныстырды.

Алдияр Жұмаділ, көрмеге қатысушы:

Біз осыны лифт деп атаймыз. Біздің лифтіміз осы роботты көтереді.  Негізінде осы робот мусорды жинау керек.  Осыны үйрену үшін әрбір бала істей алады осы инструменттермен бүкіл құралдармен үйренуі керек.


Хабарламаларға жазылу