Атырауда халықаралық домбыра фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда халықаралық домбыра фестивалі өтті

30.04.2019

«Саз пернелі Сарайшық». Атырауда алғаш рет халықаралық домбыра фестивалі өтті. Мақсат - қазақ халқының музыка саласындағы ұлттық құндылықтарын дәріптеу, дамыту және көне Сарайшық қаласын ұлықтау.

Байқау-фестивальге Қазақстанның барлық аймақтарынан және Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан, Хакасия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасынан өнер ұжымдары қатысты. 3 күнге созылған шара соңында додада оқ бойы озып шыққандарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу