Нобель сыйлығының лауреаттары Астанаға жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель сыйлығының лауреаттары Астанаға жиналды

05.10.2023

Елордада дәстүрлі «Nobel fest» фестивалі басталды. Халықаралық форумның басты тақырыптарының бірі – жасанды интеллекттің маңыздылығы мен цифрлы технологияның жаңа тетіктерін меңгеру. Үш күнге созылатын фестивальге Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар мен бизнес сарапшылар қатысты. ҚР Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан шара биыл алтыншы рет өтіп отыр. Фестиваль мыңдаған қазақстандықтың білімге, ғылымға және инновацияға қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді дейді, ұйымдастырушылар. Айта кетейін, ауқымды форум «Altyn Qyran» қоғамдық қорының қолдауымен өтіп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу