Оқушылар сарайына 10 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар сарайына 10 жыл толды

15.04.2022

Биыл оқушылар сарайына 10 жыл. Балалар жылымен тұспа-тұс келген мерейлі күнге орай, Елордада ауқымды іс-шаралар өтті. Бес күнді қамтыған мерекелік бағдарлама ғылым, шығармашылық және спорт салаларын қамтиды. Он жылда орталықтан тәлім терген 500-ден астам бала түрлі халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанған. Ал бүгінде 12000 оқушы мен 100-ден астам үйірмені қамтитын білім ордасы өнер мен шығармашылықтан бөлек ІТ, цифрлық технологиялар, робототехника саласына көп көңіл бөледі.
Айгүл Әбдімәлікқызы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы директорының оқу-тәрбиесі жөніндегі орынбасары:
Бүгін бізде оқушылар сарайында үлкен қуаныш. Қазір біздің балаларымыздың үлкен концертіне қонақтарымызды шақыртып отырмыз. 

Хабарламаларға жазылу