Ұлттық мерекеге байланысты тиісті заң жобасы мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық мерекеге байланысты тиісті заң жобасы мақұлданды

07.09.2022

Бүгін Мәжіліс депутаттары 25-ші қазан – Республика күнін Ұлттық мереке ретінде атап өтуді қолдады. Тиісті заң жобасы мақұлданды. Ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде күнтізбеде қалады.

Тарих беттерін парақтайтын болсақ, 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған болатын. 2009 жылы Республика күні мереке ретінде күнтізбеден алынып тасталды. Биыл Ұлытауда өткен алғашқы Ұлттық құрылтайда Президент бұл күнге ұлттық мәртебе беруді ұсынған еді.

Жанарбек Әшімжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мен ойлаймын, біздің әріптестер, біздің депутаттар Республика күніне ұлттық мереке ретінде негізгі сипат беру. 25 қазан жақындап қалды келе жатыр. Сондықтан, 25 қазанды бұл тәуелсіздік деклорациясы жарияланған күн. Біз соны лайықты деңгейде жаңа ұрпақ та, жас ұрпақ та санасында идеялогиялық –патриоттық бағытта жазылған дүние.

Жағымды жаңалықты жұртшылық та жылы қабылдады. Бұл қадам тарихқа тағылым, өткенге тағзым, - дейді олар.

Ал 16 желтосқан Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн егемендік жолында аянбай күрескен батырларымыз бен ұлы тұлғаларымызға тағзым ететін күн болмақ.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мен бұл күнді тәуелсіздік күні деп есептеймін. Бұл күні өте маңызды құжат қабылданған. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ал 16 желтоқсан басқа қырынан танылған күн. Бірақ, оның да өзіндік тарихи маңызы бар.

Төменгі палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға қатысты өзгерістерге сәйкес, Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды да қолдады.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу