Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын сатып алады
Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын сатып алады. «Самұрық Қазына» мен «Қазмұнайгаз» қыркүйек-қазан айына қажет отынды импорттау туралы келісімшартқа қол қойды. Энергетика министрінің мәліметіне қарай, қазір дизельді елге тасымалдау жұмысы басталған. Қазмұнайгаз өкілдері алғашқы легі жақын арада жеткізілетінін айтты. Нарықта дизельге сұраныс былтырға қарағанда 90 мың тоннаға жоғары. Биыл болжам бойынша 5 млн 472 мың тоннасы қажет. Сұранысты өтеу үшін шикізат өндірісі артты. Бір қызығы Статистика бюросының дерегіне үңілсек, еліміз бензинге қарағанда, дизель отынын шетелге көбірек экспорттайды.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22