Алаяқтар бизнеске қысым көрсетіп, ақша бопсалаған
Алматыда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды. Олар өздерін бақылаушы орган қызметкерлері ретінде таныстырған. Нақтырақ айтқанда төтенше жағдай мамандарының атын жамылып бизнес иелерін айыппұл салып және тексеру жүргізіп қорқытқан. Кәсіпкерлерді өртке қарсы қауіпсіздік шаралары үшін төлем жасауға мәжбүрлеген. Бұл ретте елде шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге келер жылға дейін мораторий жарияланғаны белгілі. Бүгінде осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардан 24 адамның жәбір көргені анықталды. Сондай-ақ қылмыс жасады деген күдікпен үш адам ұсталып, қамауға алынды. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандар марапатталды
24.10.2025, 20:34
Абай облысында ел дамуына үлес қосқандар марапатталды
24.10.2025, 20:30
АҚШ пен Кариб аймағы елдері арасында шиеленіс күшейе түсті
24.10.2025, 20:30
Әлем жаңалықтарына шолу
24.10.2025, 20:30
Медициналық туризм. Қазақстанның әлеуеті қандай?
24.10.2025, 20:30
Медицина қызметкерлері марапатталды
24.10.2025, 20:30
64 маман үздік педагог атанды
24.10.2025, 20:30
Ел дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
24.10.2025, 20:30