Қостанай облысындағы Рудный қаласында қоқыс шығару талабын сақтамағандардың әрекеті орталық алаңдағы үлкен экраннан көрсетіледі. Сонымен қатар жергілікті әкімшіліктің инстаграмм парақшасына да жүктеледі. Қала басшылары осылайша тұрғындардың тазалық мәдениетін қалыптастыруға үмітті. Бұған себеп азаматтардың дені тұрмыс қалдығын арнайы контейнерлерге дұрыстап салмай бей-берекет шашып кетеді.
Тіпті олардың бірқатарын полиция анықтап, айыппұл салғанмен де оң нәтиже жоқ. Сондықтан жауапсыз азаматтардың оғаш қылығын жұртшылққа жариялау бұл бассыздыққа тосқауыл бола ма деген үміт бар.
Айта кетейік Рудный қаласындағы тұрғын үй аулаларынан күніне 50 тоннадан артық қоқыс шығарылады.
Дәуренбек Әбдібек