Алматылық студент 8-қабаттан құлай жаздаған екі жасар бүлдіршінді құтқарып қалды
Періштесі қақты. Алматылық студент 8-қабаттан құлай жаздаған екі жасар бүлдіршінді құтқарып қалды.
Бала «Алтынбұлақ» тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіру сатысында қысылып қалған. Басы темір тордың арасына кептеліп, денесі мен қолы ауада салбырап тұрған. Сәл болмағанда, төменге құлап кететін еді дейді тұрғын Ермекбай Тамабаев. Ол айғайлап, жұрттан жәрдем сұрағанда, үйдің жанынан өтіп бара жатқан Ерасыл Махмұд көмекке келген. 19 жастағы студент бар күшін салып, терезе торында ілулі тұрған баланы соңғы сәтте аман алып қалған.
Ермекбай Тамабаев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Айғайлап, бүкіл халыққа, қарамай өтіп бара жатыр жігіттер. Бала шыңғырып жатыр. Ең болмаса, ана жігіт үлгермесе, қағып алыңдар деп айтып жатсам, Ерасыл деген жігіт жүгіріп барып, суырып алып, әкелді.
Ерасыл Махмұд, баланы құтқарған студент:
Барсам, баланың мойны қысылып қалған, көгеріп бара жатыр уже. Баланы шығарып алдым. Бетін сүртіп, көз жасын сүртіп, 5-10 минуттай көтеріп тұрдым, анасы шықты, анасына бердім.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бауырлас елдің азаматтары мерекемен құттықтады
21.10.2025, 13:20

«Қайрат» – «Пафос»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
21.10.2025, 13:18
Жамбылдық бағбан цитрус жемістерін жерсіндірген
21.10.2025, 13:15
Қазақстан бойынша «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр
21.10.2025, 13:09
Маңғыстау облысындағы автожолдар сапасына бақылау күшейді
21.10.2025, 13:07
БҚО-да өрттің алдын алуға дабыл құрылғылары орнатылуда
21.10.2025, 13:05
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 13:02
Қ.Тоқаев Әзербайжан президентін Ақордада қарсы алды
21.10.2025, 13:00