Атырауда дүлей дауыл: Перзентхананың шатыры ұшып кетті
Атырауда нөсер жауынның соңы дүлей дауылға ұласып, елді әбігерге салды.
Қатты жел облыстық перзентхананың шатырын ұшырып әкетті. Дауыл салдарынан перинаталды орталықтың «Б» корпусына қатты зақым келді. Төбе жабындысының 500 шаршы метрі жарамсыз болып қалды. Жарақат алғандар жоқ. Екі қызметкердің көлігі шатыр астында қалған. Әкімдік медициналық мекеме жуық арада жөндеуден өтеді деп отыр. Табиғаттың тосын мінезі қала тұрғындарын әбігерге салды. Күн райының күрт құбылуынан жарық сөніп, көшелерді су басты. Қазір абыр-сабыр басылды. Ауа райы бір қалыпты. Коммуналдық мекемелер су сору жұмысымен айналысып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әрбір жетінші отбасында балаларға жеткілікті көңіл бөлінбейді
16.10.2025, 20:33

Екі ел атысты 48 сағатқа тоқтатуға келісті
16.10.2025, 20:28
Е.Бейсенбаев: 10 жылда әлеуметтік төлемдер 10 трлн теңгеге артады
16.10.2025, 20:25
Заңсыз қаржы айналымына қарсы халықаралық орталық құрылады
16.10.2025, 20:22
Тұрғындар: Республика күні – ата-бабамыз аңсаған күн
16.10.2025, 20:18
Блогерлердің лотерея өткізуі қылмыстық санатқа ауыстырылады
16.10.2025, 20:18
Құрық портында көлік-логистикалық орталық іске қосылды
16.10.2025, 20:17
«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолы ашылды
16.10.2025, 20:15