Алакөлдегі 4 демалыс орны жанып кетті
Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасындағы бірнеше демалыс орны өртеніп кетті. Өрт түнгі сағат 11 мен 12 аралығында тұтанып әп-сәтте 3 мың шаршы метр аумақ күлге айналдырды. Туристік аймақтағы ахуалды шығыстағы тілшіміз Олжас Керейханнан білсек. Олжас өрт сөндірілді ме?
Олжас Керейхан, тілші:
Дәл қазіргі мәлімет бойынша таңғы сағат 5-6 шамасында өрт толық сөндірілген. Бірақ қауіп әлі толық сейілмеген. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары Әйгерім, Әлихан, Жұмағазы, Керуен сияқты үлкен 4 демалыс нысаны өртеніп кеткенін хабарлады. Өрттен 7 адамды күйік шалған. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Бірақ ауруханаға жатқызылған жоқ. Ал базалар өртене бастағанда туристер қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан және Алматы облыстық ТЖД-нен 186 маман мен 29 техника жұмылдырылды. Тарбағатай ұлттық паркі мен жергілікті тұрғындар да техникамен болысты. Туристерде өртті сөндіруге көмек көрсеткен.
Олжас өрттің шығу себебі анықталды ма?
Төтенше жағдайлар департаменті мамандары бастапқыда өрт бір ағаш үйден шығып екіншісін шарпыған дейді. Бірақ нақты неден тұтанғаны туралы әзірше белгісіз. Жалпы Алакөлдің жағасындағы туристік нысандардың көбі тез жанатын материалдардан салынғаны белгілі болды. Тілсіз жаудан келген шығын көлемі қазір анықталып жатыр. Өрттің себебін анықтау үшін жедел штаб құрылды.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47