Семей қаласында әкімшілік ғимараттар жетіспей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей қаласында әкімшілік ғимараттар жетіспей жатыр

04.07.2022

Жаңадан құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласында әкімшілік ғимараттар жетіспей жатыр. Бұрынғы қала активі мен маслихат отырған нысанға енді облыс әкімі аппараты жайғасты. Ал жаңадан құрылатын басқармалар үшін талапқа сай келетін ғимарат табылар емес. Дегенмен шаһардағы осы салаға жауапты аппарат жетекшісі, бұл мәселе көп ұзамай шешілетінін жеткізді. Өңірлерді аралауға шыққан бір топ Мәжіліс депутаты жаңа облыстың құрылу барысын көріп, сайлаушылармен жүздесті. Кездесу кезінде тұрғындар Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге ерекше мәртебе беру жайын көтерді.

Берік Дүйсембинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мақсатымыз халықпен тағы да бір жолығып, сайлаушыларымызбен кездесіп, олардың тілектерін, толғандырып отырған мәселелерін астанаға жеткізу. Абай облысының ашылуының өзі соның бір шешімі болып тұр ғой.


Хабарламаларға жазылу