Украинаның Одесса облысына түнде жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 18-жетті. Зымырандар Белгород-Днестровский ауданында 9-қабатты үй мен екі демалыс базасына құлаған. 30-дан астам тұрғын жараланды. Үйінділер астынан 8 адам шығарылған. Олардың арасында балалар да бар.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ал Луганск облысында Ресейдің бақылауына өтпеген жалғыз қала Лисичанск үшін шайқас күшейе түсті. Жергілікті әкімшіліктің мәліметінше, Ресей әскері қаладағы мұнай өңдеу зауытын штурммен алуға оқталып жатыр.