Өскеменде 10 және 12 жастағы екі баланы аялдама басып қалды. Шығыста кешеден бері қатты дауыл соғып, аракідік найзағайлы нөсер болып тұр.
Олжас Керейхан, тілші:
Иә, нөсерлі дауыл бірнеше көшедегі зәулім ағаштарды құлатып, аялдамаларды аударып тастады. Құлаған екі аялдаманың бірі қаланың жоғарғы бөлігінде болса, екіншісі орталықта орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, екі аялдама да жаңадан қойылған. Алайда қатты дауылға шыдас бермеді. Құлаған аялдама басқан екі бала да ауруханада ем-дом алып жатыр. Ал коммуналдық мекеме жұмысшылары көшелерді реттеп жатыр. Кеше кешкісін облыс орталындағы бірнеше шағын ауданда электрсіз қалды.
Арада бірнеше сағат өткенде үзілген желілер қайта қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары бүгін де жүргізіліп жатыр. Ал ауа райын болжау орталығының мамандары шығыста алдағы күндері де жаңбырлы дауыл болатынын ескертті.