Х Халықаралық Еуразия кинофестивалі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Х Халықаралық Еуразия кинофестивалі ашылады

15.09.2014
Х Халықаралық Еуразия кинофестивалі ашылады

Бүгін Алматыда Х Халықаралық Еуразия кинофестивалі ашылады. Осыған орай, «ФИПРЕССИ» және «НЕТПАК» сыйлықтарының қазылар алқасы БАҚ өкілдерімен  баспасөз мәслихатын өткізді.

Қатысушылар Еуразия құрлығындағы кино өндірісінің қазіргі ахуалын сөз етіп, көпшілікке таныс режиссерлердің жұмыстарын ортаға салды.

Дәстүрлі шара биыл қазақтың ұлы режиссері Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналмақ.

Фестиваль шымылдығы атақты киногердің «Атамекен» фильмімен ашылып, бір апта бойы танымал кинокартиналары көрсетіледі.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу