Алматыда Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды

13.12.2022

Екі жылдық үзілістен кейін «Еуразия» кинофестивалі қайта жанданды. Алматыда Халықаралық жоба жұмысын бастады. 16-шы мәрте өткізіліп отырған шара жалпы руханият төңірегіндегі ең ауқымды әрі маңызды бастама.

Кинофестиваль екі конкурстық бағдарламадан тұрады. Біріншісі - халықаралық конкурс, яғни соңғы 12 айда Еуразия құрлығында түсірілген 15 толықметражды фильм бақ сынайды. Сонымен қатар ұлттық конкурс. Мұнда кейінгі екі жылда үсірілген түсірілген 15 отандық толықметражды фильмнің үздігі анықталады.

Сондай-ақ үздік режиссерлік жұмыс, ер адам, әйел адам рөлі жүлдесі жүзден жүйрік шыққандарға берілмек. Шара бір апта бойы жалғасады, киноны тамашалау тегін.

Ардақ Әмірқұлов, XVI «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің президенті:

Авторлық кино дейміз, артхауздық кино дейміз. Сол көрермендерге жетпейтін кино. Неге десеңіз, кинотетарлар ол киноны көрсетпейді. Сондықтан осындай кинофестивальдер бар. Авторлық кино дейміз, соларды елге жеткізу. Көрермендерге айтатыным, келсін, көрсін.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу