Қызылорда облысында 463 мыңнан астам азамат референдумға қатысты
Қызылорда облысында референдумға қатысқан азаматтардың саны 463 мыңнан асқан. Науқан кезінде өңірге сырттан келгендердің көптігінен қосымша 170 сервистік учаскі жұмыс істеген. Жалпы аймақта тіркелген дауыс берушілердің 80 пайызға жуығы өз таңдауын жасаған.
Қайырлы таң, Әділбек, облыстық референдум комиссиясы дауыс беру қорытындысын жариялады ма?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Референдумның алғашқы нәтижелері жана әзірде қолымызға тиді. Атап айтатын болсақ, Конституциядағы өзгерістер мен толықтыруларды дауыс берушілердің 78,5 пайызы қолдаған. Яғни, басым бөлігі оң көзқарас танытқан. Ал қарсы дауыс бергендердің үлесі 18 пайызды құраған. Және де 1,3 пайызы екі жауапты да белгілеген. Сондай-ақ, бюллетендердің 1,9 пайызы жарамсыз деп танылған. Сыр өңіріндегі референдумның алдын ала есептелген қорытындысы екенін айта кеткен жөн. Соған сай, Қызылорда облысы тұрғындардың белсенділігі жөнінен Түркістан облысынан кейінегі екінші аймақ. Ал, нақты әрі соңғы мәліметтерді Орталық референдум комиссиясы жариялайтын болады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01