Референдум. Өңірлерде дауыс беру қалай жүріп жатыр?
Жалпыхалықтық референдумда еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұрғындардың белсенділігі жоғары. Аға буын, танымал өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері де саяи науқанға қатысып, өздерінің таңдауын жасауда.
Бұл саяси науқанда ақтөбеліктердің де белсенділігі жоғары. Өңірде 517 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ үйінен дауыс беріп жатқан тұрғындар да бар. Ақтөбелік соғыс ардагері Ажар Оразғалиева осындай мүмкіндікті пайдаланып өз таңдауын жасады. Жасы 98-ден асқан әжей еліміздің болашағы жарқын боларына сенемін дейді.
Актер, халық әртісі Асанәлі Әшімов те отбасымен бірге референдумға қатысып өз таңдауын жасады. Өнер тарланы жұмыс сапарына байланысты Шымкент қаласындағы референдум учаскесінде дауыс берді. Актер дауыс беру арқылы «Ел болашағы мен кемел келешегінің бағдарын айқындадым,-дейді.
Асанәлі Әшімов актер, КСРО және Қазақстанның халық артисі:Жаңалық көп. Сол жаңалықтың бәрі іске асатын болса мемлекетіміз беделді елдер қатарына қосылады деп есептеймін. Сондықтан әр уақытта жаңалыққа, ғылым-білімге ұмтылуымыз керек. Бүгін мына үлкен мейрам соның бір айғағы.
Қызылорда облысында да халықтың белсенділігі өте жоғары. Түс ауа референдумға келгендердің саны 300 мыңнан асқан. Елмен бірге дауыс бергендердің қатарында Сыр өңірінің айтыскер ақыны, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовта бар. Өнер майталманы саяси науқанда азаматтық парызын орындап, өз таңдауын жасады.
Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын:Жауапты кезеңде тұрмыз. Саяси, тарихи барлық жағынанда. Сондықтан бүгінгі күннің маңызы өте тереңде деп ойлаймын. Еліміз үлкен белестерді бағындырып, әлемнің алдыңғы қатарлы озық елдерімен иық теңестіретін жан-жақты дамыған елге айналсын деген тілегім бар.
Қарағанды облысындағы 777 референдум учаскелерінде 900 мыңдай адам тіркелген. Соның осы уақытқа дейін 70 пайызға жуығы өздерінің саяси таңдауын жасады. Ал жалпы еліміз бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 12 миллиондай азамат бар.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08