Мәулен Әшімбаев: Ашықтық пен демократия - Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі
Ашықтық пен демократия - Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Amanat» партиясы жанындағы «Талқылау» диалог алаңының отырысында осылай деді. Конституциялық реформа Ата заңға түзетулер енгізумен шектелмейді. Алдағы уақытта Парламент бірқатар жаңа заңдар қабылдап, қолданыстағы кейбір құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады. Жоғарғы палата спикері жаңғырудың мақсаты – ашық, теңгерімді, демократиялық саяси жүйе және бәсекеге қабілетті, әділ, сыбайлас жемқорлықсыз экономикалық орта құру екенін айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
«Осы референдумға шығарып жатқан Конституциялық өзгерістер, реформалар Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған қадамдар екенін бәріміз білеміз. Жаңа Қазақстан дегеніміз Президентіміз айтқандай, ең алдымен әділетті Қазақстан. Әділетті Қазақстан дегеніміз – біріншіден заңның үстемдігі, екіншіден барлық азаматтарға бірдей тең мүмкіндіктерді беру дегенді білдіреді».
Асхат Оралов, "Amanat" партиясының атқарушы хатшысы:
"Конституциялық реформа мен жалпыхалықтық референдумды өткізу Қазақстанның әділдік аймағы болады деп әр азаматтың жүрегіне сенім ұялады. Мемлекет басшысына қоғамдық тірек бола алатын біздің партиямыз да барлық өңірлердегі жұмыстарға белсенді қатысуда."
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17