Батыс Қазақстанда 4 адамға шапқан қасқыр құтырған болып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда 4 адамға шапқан қасқыр құтырған болып шықты

02.06.2022

Батыс Қазақстанда 4 адамға шапқан қасқыр құтырған болып шықты. Ауыл 60 күнге карантинге жабылып, мал сатуға тыйым салынды.

Оқиға 1 ай бұрын Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай елдімекенінде болған. Кешкісін ауылға кірген қасқыр 4 тұрғын мен бірнеше итті жарақаттап кеткен. Олардың бірі - 4 жастағы қыз бала.

Бәрі де құтыруға қарсы екпе алып, ем-домын жалғастырып жатыр. Қасқырды атып, ұстауға көмектескен тағы 8 адам екпеге жіберілді. Сондай-ақ енді ауылдағы барлық мал, ит-мысық егіліп, аулалар зарарсыздандырылады.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу