Павлодар облысында қорадағы малды жабайы иттер қырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында қорадағы малды жабайы иттер қырған

17.05.2023

Павлодар облысы Ақсу қаласына қарасты Үштерек, Айнакөл, Еңбек ауылдарында қорадағы қойға қырғидай тиген қасқыр емес, жабайы иттер болып шықты. Еске салайық, өткен аптада аталған елдімекендерде 100-ден астам тұсақты тамақтап кеткенін көрсеткен едік. Сол кезде қасқыр болуы ықтимал деген болжам болған. Ветеринариялық станциясының мамандары жартқыш өлексеге қайта соғады деп тосқан. Дәніккен қаңғыбас иттер бірақ өлген малға қарамай тірі малға тұра шапқан. Ветеринарлар 15 итті ұстады.

Ержан Рахметов, Облыстық ветеринариялық станцияның бөлім басшысы:

Төрт күшігін ұстаған сол жабайы иттердің. Соларды торға қамап, түнде басқа иттер келсе соларды ұстаймыз ба деп. Таңертең келсек олардың жыртқышқа деген тән қылықтары, қасындағы екі әлсіз күшікті ана екі күшік жеп, талап тастаған. Кеміріп тастаған. Сондықтан қауіп әлі сейілген жоқ деп ойлаймын.

Болат Аманбаев      

Хабарламаларға жазылу