Батыс Қазақстанда төрт адамға қасқыр шапты, олардың бірі – 4 жастағы қыз бала - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда төрт адамға қасқыр шапты, олардың бірі – 4 жастағы қыз бала

11.05.2022

Батыс Қазақстанда қасқыр шапқан төрт адамның бірі әлі ауруханада жатыр. Шыңғырлау ауданы Шоқтыбай елдімекенінде кешкі сағат 9-дар шамасында ауылға қасқыр шауып, көшеде кездейсоқ жүрген төрт тұрғынға бас салған. Олардың бірі - 4 жастағы қыз бала. Әйел мен екі ер адам да жараланған. Қазір қолы мен иығы тістеліп, еті жыртылған 58 жастағы әйел дәрігерлер бақылауында. Қалғандарына құтыруға қарсы екпе салынып, үйіне жіберілген. Ауылдықтар қасқырды атып, басын сараптамаға жолдаған. Қорытындысы бір айдан кейін шығады. Бастапқыда тұрғындар түз тағысын қаңғыбас ит деп ойлаған. Бұған қоса қасқыр байлаулы иттерді де талап тастаған.

Ал Атырауда бұралқы ит бес жастағы қыз баланы қауып алды. Баланың жағдайы қалыпты. Қаңғыбас ит бұған дейін де адамдарға тарпа бас салған көрінеді.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу