Түркістанда Ата заңға енгізілетін өзгерістер түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Ата заңға енгізілетін өзгерістер түсіндірілді

23.05.2022

Түркістанда халыққа Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың негізгі бағыты мен маңызы түсіндірілді. Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың ұйымдастыруымен өткен өңіраралық көшпелі кездесуге Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аудандық, қалалық мәслихат хатшысы, тұрақты комиссия төрағасы және депутаттар қатысты. Сонымен бірге қоғамдық кеңес пен Ардагерлер ұйымының өкілері, кәсіпкерлер, жастар, шаруа қожалық жетекшілері мен дихандар шақырылды. Басқосуда республикалық штаб мүшелері бесінші маусым күні халықтың дауысы маңызды екенін атап өтіп, бір кісідей қатысуға шақырды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабының мүшесі:

Бұрын тек қана партия атынан сайланатын еді депутаттар, енді аймақтардың өздері дауыс беріп, депутаттар сайланады. Ал енді осы аймақтардың өздері дауыс беріп сайлаған депутаттары белгілі бір уақыттан кейін халыққа берген уәдесін орындамаса, халықтың ойынан шықпаса, кері қайтарып алуға құқығы бар. Осындай көп өзгерістер бар. Кониституциядағы өзгерістердің ең үлкен мәні – бұл әділеттілік.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу