Алматыда реформалар жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы студенттермен кездесу өткізді
Алматыда конституциялық реформалар жөніндегі Ақпараттық-түсіндіру тобы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студенттермен және оқытушылармен кездесу өткізді.
Жиынға Сенат депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы Ақылбек Күрішбаев қатысты.
Отырыс барысында сенатор Конституцияға енгізілетін өзгерістер елдегі саяси реформалар аясында жүзеге асатыны айтылды. Сондай-ақ, референдум Жаңа Қазақстанды құрудың негізі әрі жарқын болашақтың кепілі екеніне тоқталды. Сондықтан жастардың мұны түсініп, жалпыхалықтық саяси науқанға қатысуы өте маңызды.
Ақылбек Күрішбаев, Парламенті Сенатының депутаты:
Конституция дегеніміз біздің Ата заңымыз. Біздің мемлекетіміздің темір қазығы. Бірінші қазықты түзеп алуымыз керек. Сондықтан қазіргі өзгерістер соған байланысты. Негізін дұрыстағасын қоғамда да, экономикада өзгеріс болады. Жаңа Қазақстанды жаңалап саламыз. Бірақ Жаңа Қазақстанды құру үшін осындай негізгі фундаменттің мәселелерін біз шешуіміз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47