Шығыстағы Боран ауылының тұрғындары су құбырының игілігін көре алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы Боран ауылының тұрғындары су құбырының игілігін көре алмай отыр

18.05.2022

Шығыстағы Боран ауылына 2018 жылы ел қазынасынан 660 миллион теңге бөлін құбыры тартылған. Бірақ, бес жыл өтсе де, әлі су жоқ. Ауылдағы әр отбасының малы мен жаны өздері қазған құдықтың суын ішіп келеді. Ал аудандағы осы салаға жауапты атқамінерлер мәселені ел-жұрттың өзіне аударып отыр. 

Үміттенген жұрт үкіметке дейін хат жолдаған. Бірақ нәтиже болмай тұр. Боран ауылына орталық су құбыры 5 жыл бұрын тартылған. Тұрғындар жұмыс сапасыз атқарылғандықтан құбырда әлі су жоқ, дейді.

Құбырдан су шықпай қойған соң тұрғындар үйге кіргізуге де құлық танытпаған. Қазір әркім өзі қазып алған құқдықтан су ішіп отыр. Бірақ ол өте таяз болғандықтан судың сапасы қандай екеніне ешкім білмейді.

Сорғы станса суды орталық құбырға жоғары қысыммен жібереді. Екі жыл бұрын ең алғаш осы құрылғылар орнатылған кезде біра-ақ рет қосылған. Одан соң есігіне қара құлып салынған.

Аудандағы жауапты басшылар құбырда мін жоқ. Тек тұрғындар суды үйлеріне тартуға құлықсыз, деп отыр. Ал су соратын құрылғылар ескі ұңғыға қосылыпты.

Мақсат Әкірмов, Күршім аудандық тұрын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімнің басшысы: 
Ол кезде комиссиямен қабылданды. Су бәрі шығып тұр. Тек қана мәселе тұрғындар өз үйлеріне құбырларын тарту керек. Кіргізбей отыр. 

Жалпы ауылға 33 шақырым болатын құбырдың дәлі қазіргі техникалық жағдайы қандай екенін ешкім нақты айта алмайды. Тұрғындар болса, ескі ұңғыда су жоқ. Сондықтан ол іске қосылмай тұр- дейді. 

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу