Павлодар облыстық көліктік бақылау инспекциясы мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Павлодар облыстық көліктік бақылау инспекциясы жүк тасымалдаушы кәсіпкерлердің салықтан жалтаруына қол қабыс еткен. Мәселен, көліктің басқа облыстарға немесе шетел асатынын біле тұра жүкті мөлшерден артық тиеуге берілетін анықтаманы жақын қашықтыққа деп жазып беріп отырған. Бұдан жүк иесі ондаған есе пайда көрген. Инспекция қызметкерлерінің де «мұртын» майлауды ұмытпаған дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдері. Жақында олар 150 мың теңге пара алмақ болған көліктік бақылау инспекторын ұстаған.
Ерсұлтан Әмірханов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері:
Жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкерлердің салықтан жалтарғаны анықталды. Бұны көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен ымыраласып жасаған. Бір ғана мысал, Павлодар мұнай-химия зауытынан битум тасымалдаушылардан ғана мемлекет қазынасына 4 млрд теңгеден астам шығын келді. Мемлекеттік инспекцияда интеграциялық жүйе жоқ. Құқықтық нормативтік база жетілдірілмеген.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшы қызымыз Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
12.09.2025, 18:42
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
12.09.2025, 18:34
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32