Ақтөбеде көшелерді су басып, қатынас қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде көшелерді су басып, қатынас қиындады

16.05.2022

Ақтөбеліктер екі күннен бері нөсер жаңбырмен алысып әлек. Тек бір күннің ішінде әдеттегі нормадан үш есе көп жауын жауған. Салдарынан кейбір көшелерді су басып, көлік қатынасы қиындады. 

 Жақсыбек Кемал, тілші:
Бүгін күн ашық, дегенмен таңғы уақытта да нөсер жауын жауып өтті. Кешелі бері ауа райының қолайсыздығынан қаланың әр аумағынан шағымдар көп түсіп жатыр. Мәселен, «Есет батыр» шағын ауданындағы көп қабатты үйлердің төбесінен су ағып, тұрғындарды әбігерге салды. Сондай-ақ екі мектептің балалары онлайн оқуға жіберілді. Оның біріне жолдың ми батпаққа айналуынан автобус бара алмаған.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Нөсердің салдарынан қаладағы ірі супермаркеттердің бірінің төбесінен су кетті. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, жаңбыр суын соруға 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Ал, синоптиктер ай соңына дейін жаңбыр жиі жауады дейді. 

 Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу