Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды

12.03.2018

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды. Екі күн жауған қар аралас жаңбырдан облыстың алты ауданын сел басып қалды. Қалаға қатынайтын  көпірлерді су шайып, облысаралық жолдар жабылды. Су тасқынынан қатты зардап шеккен  Аягөз ауданында 70 үй су астында қалды. Шағым айтқан халықта есеп жоқ. Олар «уақытылы көмек көрсетілмеді», - дейді. 400 адам мектептегі эвакуациялық орталыққа көшірілді.  Облысаралық жолдар жабылғандықтан, «Защита-Зырян» бағытында жолаушылар пойызы қатынай бастады.  Облыс орталығы Өскемендегі жағдай да мәз емес. Қаламен қоса, маңайдағы шағын аудандарды да су басып, қатынас қиындады. 

Александр Ломыгин, ШҚО ТЖД басшысының орынбасары:

- Өскемен, Ұлан, Зайсан, Глубокое, Күршім және Аягөз аудандарында ахуал нашарлады. Жедел штаб құрылды. Қауіпті деген аумақтарда 24 сағат кезекшілік ұйымдастырылды. Техника бәрі жеткілікті. Барлығы ауа райына байланысты. Жағдай ушығуы да мүмкін.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу