Павлодар облысында адам өлтіру қылмысы екі есеге азайған. Бұл жөнінде облыс тұрғындарымен кездескен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. Мәліметке қарағанда, еліміздің басқа өңірлерінде де аса ауыр қылмыс түрлері 2,5 мыңнан 1 мыңға дейін төмендеген. «Бұл құқықтық реформалардың жемісі»- деді министр. Жиын есеп беріп, баяндама жасау емес, еркін форматта өтті. Жаңа Қазақстанда полиция жұмысы да қайта жаңарады. «Қазір ішкі істер органдары сыбайлас жемқорлардан тазартылып жатыр» - деді Марат Ахметжанов. Бірнеше өңірде бюджет қаржысын жымқырған лауазымды тұлғалар ұсталған. Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары мен оған сыбайлас болған бірнеше кәсіпкер қамауға алынды. Ал, генерал Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған болатын.
Болат Аманбаев