Жемқорлықпен күрес: Түркістан облысында дәретхана қағазы 51 мың теңгеге бағаланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықпен күрес: Түркістан облысында дәретхана қағазы 51 мың теңгеге бағаланған

04.05.2022

Түркістан облысында пара алушылар қатары өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өскен. Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 35 қылмыс тіркесе, оның көшін білім саласы қызметкерлері бастап тұр. Одан кейін тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және кеден мен ішкі істер саласы қызметкерлері тізімде. Мемлекеттік сатып алуды майшелпек еткендер бір принтерді 8 млн теңгеге алмақ болған. Ал, дәретхана қағазы 51 мың теңгеге бағаланған. Бір аялдаманың құны сәулеті келіскен бір үйден де жоғары.

Нұрдәулет Сәмет, Түркістан облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті басшысының орынбасары:

Түркістан облыстық әкімдігінің істер басқармасы аса қымбат бағамен әжетхана қағазын 150 данасын 7 657 950 теңгеге, яғни 1 данасын 51 053 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Түркістан облысы Ордабасы аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі инспекциясының «Темирлан благоустройство» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 аялдаманы жасап орнату үшін 17 857 140 теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

Ал, «VIP-нөмірлерін» сатушылар бюджетке мемлекеттік баж салығын төлеуден жалтарудың, жемқорлық схемасын ойлап тауыпты. Соңғы үш жылда осындай 313 нөмір сатылса да, бюджетке 71 млн 809 мың теңгеден аса қаржы түспей қалған. Сала мамандары, қазір мектептерде ыстық тамақ беру бойынша жемқорлық қылмыстары да көбейгенін айтады. Департамент тарапынан қаралған істер бойынша биыл 9 шенеунік сотты болған.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу