Басты Жаңалықтар Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 41 үйге су кіріп, 40 тан астам қора қопсының құлады

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында 41 үйге су кіріп, 40 тан астам қора қопсының құлады

Түркістан облысының Қазығұрт және Сарыағаш аудандарында нөсер жауынның кесірінен 41 үйге су кірген. 40 тан астам қора-қопсы құлаған. Арнайы құрылған комиссия қазір шығын көлемін есептеп жатыр. Зардап шеккендердің бәріне өтемақы төленеді.

Айнұр Ақбаева, тілші:

Сайдан аққан қызылсудың деңгейі мына жерге дейін жеткен. Қора қопсыны құлатып, тұрғын үйлерге дейін кіріп кеткен. Содан бері екі күн өтсе де кебетін түрі жоқ. Ми батпаққа айналып, жүру мүмкін емес. Тұрғындар боса заттарын алып көшіп жатыр.

Қазығұрт ауданындағы Заңғар ауылында табиғи апаттан ең қатты бүлінген үй осы Гүлсім Пошанованыкі. Баспананың екі қабырғасы құлап, басқалары жарылып тұр. Дүниесінің бәрі лайдың ішінде қалған. Су лап қойғанда балам екеуміз әрең шығып үлгердік дейді.

Гүлсім Пошанова, Заңғар ауылының тұрғыны:

Көтеріп алдым баламды, баламды көміп жатыр су мына жерден. Қолыммен ұстап алдым. Бір қолымда документтер, сонымен мына жерден жүзіп шықтық анау жаққа қарап. Екі балам өсіп тұр, келін алам ба деп жақсы ниет қылған едім биыл. Міне осындай жағдай болды.

Көпбалалы ана қазір туысының үйіне көшіпті. Әкімдік уақытша баспана тауып береміз деп уәде етіпті. Заңғар ауылындағы тағы бір отбасы болса дүние-мүлкін бүгін көшіріп әлек. Себебі, бұл баспана да жарамсыз деп танылған.

Бақытгүл Мырзабекова, Заңғар ауылының тұрғыны:

Су шылқылдап, мынау фундаментке дейін жетті. Содан жібіп астындағы фундамент, қолмен өрілген қыш қой. Сол трещина беріп, мынау үй құлайын деп тұр. Енді бұл жерде тұру мүмкін емес. Басқа жерден үй салып, басқа учаскеге үй салып беруін сұранамын енді.

Бөлмелердің барлығы, жертөлелер де су толған. Содан іргетасы үгітіле бастапты. Енді тұруға жарамсыз үйден бас сауғалап, басқа үйге қоныстанбақ.

Нөсер жауыннан зардап шеккендерге бүгін қоғамдық ұйымдар көмектесіп жатыр. Белсенділер баспанасы мен қора қопсысын су алған ауыл тұрғындарының тізімін алып, қаржылай көмек көрсетпек.

Мәлика Жүсіпова, белсенді:

Қазір біз енді төсеніш алып келіп отырмыз. Гигенический набор, киімдерін алып келіп жатырмыз. Соны таратып, көмегімізді беріп шығамыз.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкері су басқан аумақты ретке келтіруде. Көлкіген су үздіксіз сорылып жатыр. Арнайы құрылған комсиссия Сарыағаш пен Қазығұрт аудандарында 41 үйге су кіріп, 40 тан астам қора қопсының құлағанын анықтаған.

Мақсат Зайтов, Қақпақ ауылдық округінің әкімі:

Қазіргі таңда ауылдың белсенді жастарымен, ауыл тұрғындарымен қазіргі үйіндегі қалып кеткен заттарын шығарып, арнайы үй тауып, көшіру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Арнайы жұмысшы топ құрылып, акт түзіп, үйге қандай зиян шығындар келді, солардың барлығын тізімімен анықтап, біз жаңағы ауданға ұсыныс беріп жатырмыз.

Облыс әкімдігі құлаған баспаналар мен қора-қопсыларды жөндеу үшін қаржы бөлінетін айтты. Өлген малдың да өтемақысы беріледі. Кешегі тасқын суға 370 бас мал тұншығып өлген.

Айнұр Ақбаева



Бөлісу