Түркістан облысындағы жол апатынан 7 адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты
Түркістан облысы Сайрам ауданында болған жол апатына «Тойота Альфард» көлігінің жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін дейді тәртіп сақшылары. Апат кеше кешкісін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 4-ші шақырымында болған. Алматыдан Шымкентке бара жатқан «Тойота Альфард» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алда кетіп бара жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде жеті адам жарақат алып, олардың бірі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қазір Сайрам аудандық полиция бөлімі қызметкерлері аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде. Екі автокөлік те айып тұрағына қойылды. Ал, аудандық ауруханаға жеткізілген бес адамның үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды. Жансақтау бөліміндегі екі адам бүгін бөлімшеге ауыстырылды.
Бауыржан Зиятаев, Сайрам аудандық полиция басқармасының бастығы:Автокөліктегі жолаушылардың ауызша айтуы бойынша жүргізуші қалғып кетуі мүмкін деген өздерінің болжамдарын айтып отыр. Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде.
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
