Алматыда 4 автокөлік бір-бірімен соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 4 автокөлік бір-бірімен соқтығысты

14.04.2022

Алматының қақ ортасында 4 бірдей автокөлік бір-бірімен соқтығысты. Олардың арасында жәдел-жәрдем көлігі де бар. Оқыс оқиға Төле би мен Мұқанов көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің сөзінше, Honda маркалы темір тұлпар бағдаршамның қызыл түсінен өтіп барып, жәдел-жәрдем көлігін қағып, аударып жіберген. Оларға тағы екі көлік соқтықтығысып, салдарынан 1 адам зардап шекті. Көшеде апат кесірінен ұзын-сонар кептеліс қалыптасқан. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Хабарламаларға жазылу