Алматыда үш автобус соғысып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үш автобус соғысып қалды

13.02.2024

Алматыда үш автобус бір-біріне соқтығысты. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алған. Жол апаты Райымбек даңғылында болды. Үш автобус бір жолақта келе жатып, алдыңғысы кілт тоқтаған. Оның артынан келе жатқан қоғамдық көлік тоқтай алмай, артынан келіп соғылған. «Үшінші автобустың да жүргізушісі жол апатынан қашуға әрекеттенгенімен нәтиже болмады»,- дейді жолаушылар.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу