Оңтүстік Африкада бір сәтте 40 көлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Африкада бір сәтте 40 көлік соқтығысты

06.03.2023

Оңтүстік Африка Республикасында бірден 40 автокөлік соқтығысты. Олардың кейбірі мүлде жарамсыз күйге түссе, енді бірі қатты зақымданды. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жол апаты кезінде бірталай адам ауыр жараланып, госпитальге түскен. Соқтығысқан машиналар легі бір шақырымға созылған. Ал зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін медициналық тікұшақ шақырылды. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу