Алматыда бір мезетте 22 автокөлік жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір мезетте 22 автокөлік жанып кетті

03.02.2021

Алматыда бір мезетте 22 автокөлік жанып кетті. Қаладағы техникалық жөндеу орталығының бірінде түнде өрт шығып, артынан жарылыс болды. Салдарынан 22 көлік өртеніп, 4-еуі зақымданған. Тағы 15 машина эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды екі сағаттан соң толық сөндірген. Шамамен 600 шаршы метр жер жанып кеткен. Сараптама нәтижесінен соң сау тамтығы қалмай жанып кеткен көліктердің шығынын кім өтейтіні белгілі болады. 

Гүлдана Нұрымбетова, қалалық ТЖД ресми өкілі:
Оқиға орнынан 4 газ баллоны, 15 автокөлік эвакуацияланды. Өрт сөндіру жұмыстарына 45 жеке құрам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Хабарламаларға жазылу