Бельгияда «Омикрон» штамының жаңа түрі тіркелді
Бельгияда «Омикрон» штамының жаңа түрі тіркелді. BA.4 деп аталған індетті вирусологтар егде жастағы әйелден анықтаған. Соңғы аптада ковид жұқтырып, аурухана түскендер саны артқан.
Нұрсұлу Қасым, тілші:«Омикронның» жаңа штамы қаншалықты қауіпті екенін әзірге мамандар «дөп басып айту қиын»-деп отыр. Қазір зерттеу жүргізуде. Ұлыбритания, Дания мен Германияда осы жаңа штамды жұқтырғандар арасында қайтыс болғандар немесе ауыр халде ауруханаға түскендер тіркелмеген. Дегенмен, Қытайда осы «Стелс-Омикронның» тез таралып жатқанынан сескенген Еуропа мамандары алдағы уақытта қарт құрлық елдері карантиндік шектеулерге қайта оралуы мүмкін екенін айтады.Бельгияда індет бәсеңдеп, халық қалыпты өмірге оралып, қуанып жүр еді. Бірақ, соңғы аптада ковидпен ауруханаға түсушілердің саны 4 пайызға өскен. Яғни, бір тәулікте 200-ден астам адам түсуде. Ауыр халде жеткізілгендердің дені-екпе салдыртпағандар деген дәрігерлер тұрғындарды вакцинаның үш дозасын алуға үндеуде. Бүгінге дейін ел халқының 79 пайызы екі дозаны, 62 пайызы бустерлік вакцина салдыртқан.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17