Алматыда алма ағаштарының кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда алма ағаштарының кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

08.04.2022

Алматыда Медеу ауданындағы алма ағаштарының кесілуіне байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Желіде жеміс ағаштарының кесіліп жатқаны жайлы видеолар тарап, тұрғындардың наразылығын тудырған. Тиісінше қалалық жасыл экономика басқармасы мен аудандық әкімдік қызметкерлері оқиға орнына барып, тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 21 ағаштың заңсыз оталғаны анықталды. Табиғатқа 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде шығын келген. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 340-шы бабы бойынша іс қозғалды. Жасыл желектерді қорғау ережелеріне сай, егер заң бұзғандар кінәсін толық мойындаса, олар қала аумағына 1 050 түп тал егулері тиіс. 

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу