Санкт-Петербург: Жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербург: Жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

03.04.2019

Санкт-Петербургте Можайский атындағы әскери-ғарыш академиясында жарылыстан зардап шеккендердің біреуіне операция жасалды. Ал қалғандарының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, олар жарылғыш затты қауіпсіз жерге көшірмек болғанда, ол іске қосылған.

Оқиғадан кейін Ресейдің тергеу комитеті «екі немесе одан көп адамның өміріне қауіп төндіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, «Единая Россия» фракциясының депутаттары қолдан жасалған бомбалар үшін жазаны қатаңдатуды талап етіп отыр. Айта кетсек, сейсенбі күні Санкт-Петербургтегі әскери училищеде жарылыс болып, 4 адам жараланған.                                                       

Хабарламаларға жазылу