Ресей әскері оңтүстік пен шығысқа соққы беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей әскері оңтүстік пен шығысқа соққы беріп жатыр

06.04.2022

Украинадағы ахуалға тоқталсақ. Ресей әскері Украинаның оңтүстігі мен шығысына артиллериямен соққы беріп жатыр. Өткен түнде Харковьқа үздіксіз снаряд жаудырылған. Сонымен қатар, Луганск және Донецк облыстарына артиллериялық шабуылдар жасалды.

Батыс барлаушылары мен Украина үкіметінің мәлімдеуінше, Ресей армиясы қайта топтасып, Донбассты алуға әзірленіп жатыр. Сондықтан, алдағы апталарда бұл аймақта қарулы қақтығыстар күшейеді деген болжам бар. Осыған байланысты мыңдаған адам Луганск, Донецк, Харковь облыстарынан елдің батысына үдере көшуге мәжбүр.

Мәскеу өткен айда ендігі күшті Донбассты «азат етуге» жұмсайтынын жариялағаны белгілі. Болжамдарға қарағанда, Ресей Донбассты алып, елін Қырыммен байланыстыратын құрлықтық дәліз ашудан үмітті.

Арыстанбек Рысбек 

Хабарламаларға жазылу